Әлеумет НАУРЫЗ — ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ Редактор 18.03.2023 11693 1 оқу мин Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев наурыз айының 13-22 күндері аралығында аудан аумағында «Қош келдің, Әз Наурыз!» такырыбында іс-шаралар жоспарын бекітті. Бекітілген іс-шара кестесіне сай, бүгін «Наурыз-жаңару мен жаңғырудың бастауы» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мен жалғыз ілікті қарттарға, өзге де нысаналы топтағы азаматтарға көмек көрсетілді. Аудандық Мәдениет үйінде өткен іс- шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға арнайы ALAS DEAFLYMPICS қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен «Шаншар» әзіл- ысқақ театрының ұжымы шақырылды. Театр қызметкерлері әзілдерімен, сахналық қойылыммен көпшіліктің көңілінен шықты. Наурыз мейрамы құрметіне келушілер ұлттық тағамдар — наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты. Мерекелік шара барысында демеуші ALAS DEAFLYMPICS қоғамдық бірлестігі түрлі ойындар ұйымдастырып, қатысушыларға сыйлықтар үлестірді. Шараға келген қонақтар өздеріне рухани демалыс сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 35855 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34164 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 33156