Әлеумет №77 мектеп-лицейінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді Редактор 30.03.2023 12595 1 оқу мин Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері А.Асқаров атындағы №77 мектепте шартты өртті сөндіру бойынша мектептің басшы құрамы және қызметкерлерімен бірлесіп өрт-тактикалық сабағын өткізді. Сабақтың тактикалық тұрғысынан еңбек оқу бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан өрт орын алады. Өрттің көрші бөлмелерге тарап кету қауіпі туындады. Дыбыстық құлақтандыру жүйесі іске қосылғаннан соң оқушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары басталды, алайда мектептің 2 оқушысы шыға алмай, дәлізде қалып қояды, біреуі есінен танып қалады. Тез арада мектепке №5 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жөнелтіледі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шартты өртті сөндіруге кіріседі, бір мезетте мектептің ішін барлау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде екі зардап шегушіні тауып, құтқару жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай шартты өрт сөндірілді. Сабақ барысында өрт сөндірушілер нысанның шұғыл-тактикалық сипаттамасын зерделеп, жақын орналасқан гидранттарды және олардың жұмыс жағдайын тексере алды. Ал мектептің қызметкерлері өз кезегінде өрт сөндіру қызметін шақыру және қарсы алу тәртіптерін, ғимараттан адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру және электр жүйесін т.б. сөндіруді машықтады. Тәжірибелік іс-шара соңында мектептің қызметкерлерімен сабақтың нәтижесі бойынша талдау жасалды және өрт орын алған кезде жасалатын әрекеттер, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша қосымша нұсқаулық жүргізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6839 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8709 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047