Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласын көркейту, абаттандыру, дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жүзеге асып жатқан жобаларға тоқтала кетсек: Автокөлік жолдары бойынша: қаладағы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының жарамдылығы — 96,4 %, облыстық жолдардың қанағаттанарлығы — 99.8 %, ішкі көшелердің — 98,5% асфальттанған. ✔️2023 жылы 1,6 шақырым Кенші, Оқжетпес көшелері, 1,2 шақырым А.Төлтебаев, Көкжиек көшелері, 0,612 шақырым Ж.Арзымбетов, Төлеби көшелері, 0,612 шақырым Меделханов көшесі орта жөндеуден өтеді. Таңжарық, Үміт, Қ.Ешенқұлұлы, А.Байтұрсынов көшелерін жөндеуге өткізуге құжаттары реттеліп, қаржыландыруға ұсынылады. «Самал» мөлтек ауданындағы ұзындығы 0,4 шақырымды құрайтын №2-ші көшесіне тас төселеді. ✔️Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 2023 жылы «Жарықжол» тарапынан Ленгір қаласындағы тозығы жеткен жол кедергілері жөнделеді. ✔️Тұрғындарды ауыз сумен қамту үшін қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қаму бағытында «Көктерек су тазалау имаратының» құрылысы жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға ауыспалы. Сондай-ақ, «Көктерек» бұлақ басы каптаждалуда, нысан 2023 жылға өтпелі. Биылғы жылы Ленгір қаласындағы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізіп, су құдықтарды реттеу, сынған қақпақтарын ауыстыру мен бұрандаларын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. ✔️Кәріз жүйесі: І мөлтек аудан тұрғындарын көптен мазалап жүрген кәріз жүйесін реттеу мақсатында №3-ші кәріз талазалау имаратының құрылысы үшін 40,0 га жер телімі бөлініп, құрылысына жобалау-сметалық құжаты әзірленді. Қазіргі кезде мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, күрделілігіне қарай 2024 жылға өтпелі. Нысаның қуаттылығы 3 500 м3 кәріз суын өңдеуге арналған және жалпы 14,0 мыңға жуық абонент қосылады. №1-ші кәріз тазалау имаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға қаржы қаралды. ✔️Электр қуатының көзін молайту бағытында 2022 жылы «Алатау» м/а 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы басталды. 2023 жылы жұмыстарды аяқтауға 1 925 млн теңге қаралып отыр. Нәтижесінде «Қазығұрт», «Самал», «Алатау», «Шаңырақ» м/а 9720 жуық халық, 63 жоспарланған көп қабатты үйлер, 3100 жеке тұрғын үйлер, 95 әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады. 2023 жылы Әйтеке би көшесіндегі №55 КТП жаңартылады. ✔️2023 жылы Аманкелді көшесі мен Төлеби көшесінің №293 пен №103 үйі аралығына, Қазыбек би көшесіне, 1 мөлтек ауданының қалған бөлігіне аяқ жол салу, Төлеби көшесіне 300 метр метал жабынды қақпа орнату жұмыстары жүргізіледі.