Әлеумет ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ Редактор 03.04.2023 8072 1 оқу мин Бүгін еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының https://enic-kazakhstan.edu.kz/ веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады. Жоғары білім беруді интернационалдандыру мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқыту үшін 550 грант, оның ішінде бакалавриатқа 490 грант, магистратураға 50 грант, PhD докторантураға 10 грант бөлінген. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайынғы стипендиямен қамтамасыз етіледі. ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының сайтында құжаттарды онлайн қабылдау 30 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Үміткерлерді іріктеу ұсынылған құжаттар, бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестілеу нәтижелері және онлайн әңгімелесу негізінде жүргізіледі. Стипендиаттар тізімі биылғы жылдың 28 тамызына дейін жарияланады. Қосымша сұрақтар бойынша стипендиялық бағдарлама операторына келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 7450 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 43376 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 41123