Әлеумет 300-ден астам тұрғын таңертеңгілік жаттығуға қатысты Редактор 09.04.2023 10525 1 оқу мин 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күніне орай, жыл сайын осы күн «Денсаулық күні» деп белгіленіп, түрлі іс- шаралар ұйымдастырылады. Аудан тұрғындарына өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында салауатты өмір салтына шақыруға арналған аудан орталығында жаппай таңертеңгілік жаттығу өтті. Жаттығуға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, мекемелер және Ленгір қаласындағы денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері қатысты. Таңертеңгелік жаттығуға қатысқандарға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек бұл күн — адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау үшін бірлескен іс-қимыл жүргізу мақсатында әрбір тұрғынының назарын денсаулық пен оның проблемаларына аударуға бағытталған жаһандық науқан екендігін айтып, спортпен тұрақты шұғылданып, денені шынықтыруға көңіл бөлу қажеттігін айтты. Жалпы «Денсаулық баршаға» атты іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6856 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8802 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047