3-9 сәуір аралығында ерлі-зайыптылар арасында алғаш рет «Neke tour» республикалық байқауы өтеді. ✔️ Байқау жеңімпаздарына «Neke tour» таныстырылымы 15 сәуірде Қазақстанда XIII–XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ғашықтар күні атап өтіледі. ♾️ Қазақ халқында шариғат жолымен орындалатын неке қию рәсімі бар. Сан ғасырдан бері бұл дәстүр берік некенің кепілі болып келді. Жастар бір кеседен неке суын ішіп, адал болуға ант беретін. Осылайша ата-бабаларымыз ізгі ниет және жүректердің қалауымен екі жастың басын қосқан. ▪️Байқау ұйымдастырушылары @_openturkistan_ бүкіл ел ауқымында 15 жұпты таңдайды. Осы жұптар Қазақстанның рухани астанасы – Түркістанда некесін қияды. Некесін қасиетті жерде қиған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады. ????️ Жаңа үй болған немесе бұрын үйленген, бірақ некесін қимаған жұбайлар байқауға қатысу үшін neke-turkistan.kz сайтындағы өтінімді толтырады. ????Бас жүлде – ұшаққа билет, қонақ үйде тұру, фотосессия және романтикалық кешкі аспен қоса Түркістанда неке қию рәсімін өткізу! ???? Жеңімпаздарды байқау комиссиясы анықтайды. Қорытынды 10 сәуірде жүргізіледі, нәтижесі ұймдастырушының @_openturkistan_ парақшасында жарияланады. Бүгінге дейін 300-ден астам өтінім келіп түсті. ???? Анықтама: Сонымен қатар тур бағдарламасына: — Мәдени бағдарлама — Орталық мешітте неке қию — Тақырыптық фотосет — Қала бойынша және жақын маңдағы көріктіі жерлерге экскурсия — Жұпқа арналған сыйлық кіреді. ???? Неке қию рәсімі қазақтың дәстүріне сай өтеді, ең бастысы, әдет-ғұрыптарымыз бүкіл халықтың мәдениеті үшін қандай құндылыққа ие екені дәріптеледі. ????️ Номинациялар атауы: «Shanyraq», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» Байқау жеңімпаздарының жүлде қоры: •«Shanyraq» номинациясында жеңіске жеткен жұп ұшақ немесе басқа көлік түріне екі жаққа билет төлемін алады, 4 жұлдызға дейін қонақ үйде 2 күнге дейін тұру, фотосет, неке рәсімін өткізу және кешкі асқа шақыру алады; • «Махаббат» номинациясының жеңімпаз жұбына 4 жұлдызға дейін қонақ үйде 2 күнге дейін тұру, фотосет, неке рәсімін өткізу ұсынылады. • «Ару» номинациясының жеңімпаз жұпқа фотосет, неке рәсімі және кешкі ас ұсынылады; •«Жанұя» номинациясының жеңімпаз жұбы неке рәсімін өткізіп, фотосет және сыйлық алады; ???? Толық ақпарат https://neke-turkistan.kz/rus сайтында. ???? Іс-шараның ұйымдастырушысы Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы жанындағы «Open Turkistan» туристік-ақпараттық орталығы.