Әлеумет Шымкент: 40 әскерге шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөліміне қызмет етуге аттанды Редактор 10.04.2023 10644 1 оқу мин Қалалық Оқушылар сарайында Қарулы Күштер қатарына қаланың 40 әскерге шақырылушысынан тұратын бірінші команданы шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Жас жауынгерлер Қонаев гарнизонында орналасқан десанттық-шабуылдау бригадасында әскери мамандық алады. Әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуға қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштер ардагерлері мен интернационалист жауынгерлер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туысқандары қатысты. Өз сөзінде қаланың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев әскерге шақырылушыларды өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, барлығына мықты денсаулық пен жауынгерлік даярлықта табыс тіледі. — Армия — әр жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасын, Отанын қорғауға дайын болуы керек. Сіздерге алдағы 12 ай болашақ өмірде де пайдалы болатын маңызды және пайдалы сабақ беретініне толық сенемін. Қызметтеріңіз адал және берекелі болсын, — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев. Құрметті қонақтар мен туыстардан басқа, әскери-патриоттық клубтар мен қаланың «Жас Сарбаз» жастар қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ гарнизонның әскери оркестрі болашақ жауынгерлерге қолдау көрсетуге келді. Олар Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерімен бірлесіп концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Айта кетсек, бүгінгі таңда көктемгі шақыру науқаны аясында үшінші мегаполистен 18 бен 27 жас аралығындағы 200-ге жуық ер-азамат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына шақырылды. Жалпы, көктемгі шақыру науқаны үшін Шымкенттен 900-ге жуық жас жігітті әскер қатарына шақыру жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 7943 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 43800 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 41502