Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері №1 мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілерімен бірлесіп, Достық шағынауданында Қызылкөл, Жағажай, Алтынбосаға көшелері бойынша профилактикалық жексенбілік рейд өткізді. Рейдтің мақсаты — тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ықтимал проблемаларды анықтау, өрттің алдын алу бойынша негізгі шараларды еске түсіру, аудан бойынша статистикалық деректерді жариялау және құрғақ өсімдіктерді жағу және бақылаусыз от жағу қаупі туралы айту. Әрбір үй иесі ТЖ қызметкерлерінің ерекше назарында. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде құтқарушылар электр сымдарының, пештердің жай-күйіне, тұрғын бөлмелерде автономды өрт хабарлағыштарының болуына назар аударды, олардың жұмыс істеу қабілетін тексерді, олар болмаған жағдайда сатып алу және орнату ұсынылды, сондай-ақ ұялы телефонға «Дармен» ТЖМ пайдалы қосымшасын орнату ұсынылды. Қазірдің өзінде көктем болса да, пештерде күн сайын от жағады, үй-жайларды жылытуға арналған электр жылытқыштар іске қосылады. Егер өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақталмаса, бұл өрт пен адам өліміне әкелуі мүмкін, сондықтан пештерді тиісті күйге келтіріп, туыстар мен жақындарына бұл туралы еске салу керек. ТЖ қызметкерлері азаматтардың назарын өрттің ең көп тараған себептеріне аударды, азаматтармен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде нұсқамалар жүргізді, профилактикалық бағыттағы көрнекі-бейнелеу өнімдерін тапсырды, сондай-ақ үй иелеріне өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» немесе «112»телефоны бойынша құтқару қызметін дереу шақыру қажет екенін еске салды.