Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданы мал шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аудан. Өйткені мұнда жем-шөп көп, шөбі шүйгін, сулы да нулы өңір. Биыл көктем айы жауынды шашынды болып соның арқасында шөп бітік шықты. Мал басын көбейтумен айналысатын шаруалар көп мұнда. Қазіргі таңда ауданда ірі қара мал басы 176 мыңнан асып жығылады. Оның етін, сүтін сатып несібесін арттырып отырғандар көп. Малды қоңды етіп, күтіп бағып, сойып сатып қана қоймай оны экспорттауда да сайрамдықтар алда. Солтүстік өңірді етпен қамтамасыз етіп қана қоймай, Ресей мен Өзбекстанның нарығына да шығып үлгерді. Бүгінге дейін 100 мың тоннаға жуық мал етін өндіріп, экспорттады. Мал асын көбейту үшін «Максимум» қаржы ұйымы шаруаларға қолайлы болып тұр. «Максимум» аймақтық-инвестициялық орталығынан жылдық 7 пайызбен берілетін арзан несиесі кәсібін өрге өрлетемін дегендерге оңтайлы. Бүгінде ауылдағылар осы арзан несиені алып, кәсіптерін дөңгелетуде. Аудан орталығында да, алысырақ ауылдарда да мал бордақылаумен айналысатындардың қатары артып келеді. Тіпті күніне 2-3 тоннаға дейін бордақыланған малды сойып шалғайдағы облыстарға жөнелтіп отыратын шарулар бар. Олар ауылда жұмыссыз жүргендерге көп көмегін тигізіп отыр. Осылайша ауылдағы кәсіпкерлер ауылдастарына жұмыс тауып беріп отырған жайы бар.