Әлеумет МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 9 ЕЛДІМЕКЕН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ Редактор 21.09.2023 9701 1 оқу мин Мақтаарал ауданында қазіргі таңда 68 елді мекеннің 36-на көгілдір отын қолжетімді. Биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Дихан елді мекеніне газ құбыры тартылып жатыр. Дихан елді мекеніндегі газ жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталған. Жауапты мердігер мекеме биыл ауыл халқын көгілдір отынға қосу үшін нысанды уақытылы аяқтайтынын айтады. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында газбен қамтылған елді мекендер 52,1 пайызды құрап отыр. Қолданыстағы автоматты газ тарату станциясының қуаттылығы толығымен пайдалануда. Бұдан бөлек, қосымша қуаттылығы сағатына 50 мың текше метрді құрайтын «Мақтаарал» автоматты газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы ауданда биыл 9 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін аяқталады. Бұл қосымша 1 616 абонентті қосуға мүмкіндік береді, яғни аудандағы газбен қамту деңгейі 65,2 пайызға артады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 10744 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 10726 Вейп сатып, 30,7 млн. теңге пайда тапқан 1 оқу мин Әлеумет Вейп сатып, 30,7 млн. теңге пайда тапқан 26.01.2026 10816