«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №29 К.Тленшин атындағы жалпы жалпы орта мектебінде ақын жазушылармен кездесу кеші өтті. Тіл саясатын дамыту бағытында ұйымдастырылған шара кең ауқымда атап өтілді. Атап айтар болсақ Түркі әлемі жазушылары одағының мүшелері және Сайрам ауданының құрметті азаматы Тленшина Баян Керімқызы және Жартыбаев Сайлаухан шақырылды. Кеш барысында мектеп оқушылары Баян Тленшинаның «Қиямет қайым», «Сұрқия», «Жұлдызды жүрек» және «Ғибратты ғұмыр» шығармаларымен танысты. Аталмыш шығармаларды оқып қана қоймай, сараптап, талдау жасады. Ондағы кейіпкерлердің сипатын ашу бағытында пікірталас ұйымдастырды. Сонымен қатар, оқушылар ақын апа-аталарымызға арнап өз жанынан шығарған өлеңдерін оқып құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын тарту етті. Жиналған оқушылар мән-маңызы ерекше болған жиыннан ерекше әсер алып тарқасты. Аталған шараның мақсаты: оқушыларды ақындардың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту боып табылады.