Адам жанын ізгілікке баулып, жүрекке жылулық нұрын себетін аяулы тұлғаларымыздың бұл күндері төл мерекелері. Қастерлі мамандықтың қадірлі иесі болу үшін жоғары білім игеруден бөлек, өнегелі өмір тәжірибесін өткеру керек. Осы орайда мұғалімдікті атадан балаға мирас етіп, ұлағатты ұстаздар династиясын қалыптастырып келе жатқан Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты «Сырдария жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ардагер ұстазы Қалмұратова Зөһара Маманқызы Зоя Қалмұратқызы Мамаева 1940 жылы Мақтарал ауданы, Ворошилов колхозында дүниеге келген. «Бірлік» орта мектебінде оқи жүріп, сол ауылда комсомол ұйымына жетекшілік жасап,жастар арасында көркем өнерпаздар үйірмесін ұымдастырды,ауыл шаруашылығы жұмыстарына белсене қатысты. Мектепті бітірген соң Шымкент педагогикалық институтының филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға кабылданды. Институтты бітірген соң Киров ауданының «Победа» орта мектебінде ұстаздық жолын бастайды. 1969 жылы жаңа бой көтерген «Восход» (қазіргі Қоссейіт) совхозына қоныс аударылуына байланысты осындағы «Восход» орта мектебіне орыс тілі пәнінің мұғалімі болып орналасады.Көп жылдар бойы мектеп директоры Нұрсағат Жахановпен біргелікте жұмыс істейді.Өмір жолдасы Рыспаев Әуелбек те осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі болды. Зоя Қалмұратқызы совхоздың жұмыстарына белсене араласып, ауылдағы науқас адамдарға көмегін аямаған.Сондықтан екі дүркін ауылдық кеңесінің депутаты болды. Мектепке келген комиссияның қорытындысы бойынша 1973 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы»,1982 жылы «Республикалық ағарту ісінің үздігі»,1986 жылы Мәскеуден «КСРО ағарту ісінің үздігі»төсбелгісін алса,1988 жылы «Еңбек ардагері»медаліне ие болды.Сонымен қатар «Күміс алқалы»Батыр ана.Зояның еткен еңбегі Тәуелсіздік жылдарында да ескерусіз қалған жоқ.2008 жылы Шардара ауданының «Құрметті азаматы»атанды..Аудан,облыс әкімдігінен, «НұрОтаннан»,аудандық,облыстық білім бөлімдері мен республикалық білім басқармасынан,түрлі мекемелер мен ұйымдардан алған Алғыс хаттары мен марапаттары өз алдына бір төбе. Зоя Қалмұратқызының қаламынан балалар мен жасөспірімдер тәрбиесі,жас ұстаздарға айтқан ақыл-кеңестері туралы көптеген мақалалар туып,жарияланды.Одан түскен қаламақысын аудандық мүгедектер қоғамының есеп шотына аударып отырды.Шардара ауданының 2012 жылғы «Үздік насихатшы номинациясының иегері ретінде дипломымен марапатталды.Аудандық әжелер алқасының мүшесіне алынған. Зоя апай отбасында да өнегелі ұрпақ өсірген бақытты жан. Әкесі Әуелбек пен Зояның ұстаздық жолын жалғастырған ұл-қыздары Бақыт,Эльвира,Гүлзакира,Бауыржандар мұғалім болып шәкірт тәрбиелеп жүрсе,Сапаркүл мен Айгүл медицина саласының қызметкерлері.Үлкен келіні Қалсара медбике болса,кіші келіні Анар тағы да ұстаз.Барлығы да өз істерін жетік білетін елге абыройлы мамандар. Ұстaз –шәкірт бойына білім нәрімен қатар ақыл-парасат пен көркем мінез сіңіруші тұлға.Сол себепті ұстaз есімі қашан да ұлағатты.Ал осы ұлағат алып бәйтерек секілді жайқалған әулетте ұрпақтан ұрпaққa сабақтасып жатса, оның орны тіптен бөлек. Ата-ананың жолын жалғап, амaнатқа адалдық танытып, бар саналы ғұмырын білім беру іcіне арнаған ұстаздар династиясы – шардаралық Рыспаевтар жанұясы. Ғұмырларының 40 жылын білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаздарРыспаев Әуелбек пен Мамаева Зөhарадан тараған ұрпақтары арасында екі ұлы мен қоc қызы әкеcі мен анасының жолын қуып, ұстаздық қызметті таңдап, бүгінгі күні олaр аудан мектептерінде абыройлы қызмет атқаруда. Рыспаева Эльвира Әуелбекқызы. 20.03.1963 1980-1985 ж.ж.Қарағанды Мемлекеттік университетінің физика факульт.оқыды. Еңбек жолымды «Октябрьдің 50 жылдығы» орта мектебінен бастап,қазіргі таңда Т.Айбергенов ат.мектеп-гимназиясының директордың ғылыми істері бойынша орынбасары қызметіндемін 2003 ж БжҒМ «Құрмет грамотасымен»,2020ж Облыстық Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Рыспаев Бауыржан Әуелбекұлы 13.11.1971 Қаз.МСҚА оқу орнын 1996 жылы бітірген Жетісай ПУ. 2002 жылы бітірген. Сырдария ЖОМ көркем еңбек пәні мүғалімі. Қосымша білім беру педагогы. Рыспаева Гүлзакира Әуелбекқызы. Оcындай өнегелі отбaсынан шыққанРыспаева Күлзакира Әуелбекқызы 1984 жылдан бастап Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызмет етіп келеді. Білімі жоғары, cанаты – «педагог-зерттеуші». 40 жылға жуық еңбек жолында көп жетіcтікке жетіп мектептің абыройын көтеріп жүрген шығармашыл, ізденімпаз ұстаз. Күлзакира Әуелбекқызыбілім алушылардың жан-жақты, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, еркін, озық ойлы ұрпақ болып жетілуіне үлес қосып, оқу және тәрбие саласында елеулі еңбек етуде. Шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері.2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Құрмет грамотасымен марапатталған. 2023 жылы облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Ғылыми мақалалары халықаралық деңгейдегі журналдарда жарық көрді. Озық тәжірибесі республикалық «Ustaz alemi», «Zhanashyr ustaz», «Мектеп» атты ғылыми –әдістемелік журналдарында жарияланды. Зөһара апай отбасында да өнегелі ұрпақ өсірген бақытты жан. Рыспаев Әуелбек Рыспайұлы 1935 жылы Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Фарыш ауданы, Шымқорған ауылында дүниеге келген. Сол аудандағы мектепті бітірген соң Шымкент педагогикалық институтының филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түсті. Аталмыш оқу орнын үздік дипломмен бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданының «Победа» орта мектебіне жұмысқа қабылданып, ұстаздық жолын бастайды. 1969 жылы Шардара ауданына қарасты «Восход» кеңшарына қоныс аударып, осындағы «Восход» орта мектебіне қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып орналасады. Кейінгі жылдары сол мектептің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Өмірлік жары Зөһара Маманқызы екеуі сол мектептен зейнеткерлікке шықты. Еңбек жылдарында Әуелбек ағайдың тәлім тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері қазіргі таңда Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде түрлі лауазымда қызмет атқарып жатыр. Ә.Рыспаевтың еселі еңбектері бағаланып, ҚР «Аға оқытушысы», «Еңбек ардагері» медалдарымен және облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Зейнеткерлікке шыққан соң да қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Жастарға ақыл-кеңестерін беріп, ауыл, мектеп, әкімшіліктермен тығыз байланыста болды. Ауылдағы имандылық ұясы – мешітке де көптеген еңбектері сіңді. Мешіт айналасындағы шырша, арша, мәуе ағаштарын өз қолымен отырғызған. Қазіргі таңда ол ағаштар жайқалып, мәуе салып тұр. Әуелбек ағай өмірлік жары Зөһара екеуі 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген отбасы. Қазіргі таңда ұл-қыздары үйлі-жайлы болып кеткен. Ағайдың қара шаңырағында кенже ұлы Бауыржан мен келіні Анар Әуелбек ағайдың ұстаздық жолын жалғастыруда. Төрт ұрпақты жалғап ұстаздық мамандығының тіреуіші болып келе жатқан бұл әулеттің мүшелері ата жолды сақтағандарын мақтаныш етеді