Мектеп білім алушылары өзін-өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады. 2023-2024 оқу жылының басында «Өзін-өзі басқару» ұйымының жылдық жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде 8-10 сыныптың үздік, белсенді оқушыларымен отырыс болып өтті. Оларға ұйым туралы толық мағлұмат және ұйымның жылдық жоспары таныстырылды. Мектепішілік президент сайлауы өтілетіндігі туралы бұйрық шығарылып, 9-10 сынып оқушылары арасынан бес оқушы мектепішілік президенттікке үміткер болып өздерін ұсынды. Олар: Жорабек Ғалымжан, Исмаилов Муса, Мубаров Ахмет, Қалмұратқызы Аягөз, Бабаханова Малика. Үміткерлер өздерінің сайлауалды үгіттерін жүргізіп, комиссия мүшелерімен жоғары сынып оқушыларына өз бағдарламаларын ұсынып, қорғады. Бүгін мектебімізде жоспарға сай Өзін-өзі басқару ұйымының «Мектепішілік президент сайлауы» болып өтті.Сайлау жабық дауыс беру негізінде өтіліп, сайлауға 120 жоғары сынып оқушылары сайлау бюллетені арқылы дауыс беріп, комиссия мүшелерінің дауыс санын есептеуі бойынша 41 дауыс жинаған 10″Б» сынып оқушысы Исмаилов Муса 2023-2024 оқу жылының «Мектеп президенті» атанды. Алдағы уақытта «Мектеп президентін» ұлықтау рәсімі өтіліп, өзін-өзі басқару ұйымының толық құрамы бекітіліп, жоспарға сай жыл бойы мектептің оқу және тәрбие процесстеріне белсенді атсалысады.