Оқушыларға сапалы білім берумен қатар олардың тәрбиесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топтың ұйымдастыруыме, Шұбар ауылындағы Д.Қонаев атындағы, Шұбарсу ауылындағы М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде «Жасөспірім және заң» атты жиналыс өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты -жасөспірімдерге, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Аталған жиында «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрс», «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, заң талаптарын түсіндіру», «Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін, арттыру», тақырыптарында баяндамалар оқылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады. Оқушылар мен ата-аналар еркін микрофон алаңында ашық сұхбат жүргізіліп, көкейтесті мәселелерге тиісінше жауап алынды.