Әлеумет Шығармашылық жобалар байқауында жүлде алды Редактор 15.10.2023 11608 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 6-қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар және конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау жиыны өткізілді. Төлеби ауданындағы Ұзынарық ауылындағы Қазанғап Байболов атындағы жалпы орта мектебінің екі оқушысы ғылыми жоба бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін арнайы сыйлықтар және мақтау қағазымен марапатталды. Аталмыш білім ордасы аудандағы алдыңғы қатардағы үздік мектептердің бірі. Білім ордасының оқушылар аудандық, облыстық, республикалық додаларда шашасына шаң жұқтырмай, ұдайы жүлделі орындардан көрініп келеді. Бұл жолы да білім бәйгесінде қанжығалары майланып отыр. Аудандық «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының облыстық кезеңінде 4 сынып оқушысы Ералы Ернар І орын алды. Ғылыми жетекшісі: Сатқынбекова Мөлдір, 9 сынып оқушысы Жақсылық Анеля аудандық кезеңде 3 орын иегері атанды. Ғылыми жетекшісі:Сиқымбаева Қарлығаш. Мектеп қабырғасында ғылыми жұмыстармен айналысып жетістіктерге қол жеткізіп жүрген оқушылар болашақта қазақстандық ғылымға мол үлес қосады деген сенім басым. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 07.09.2025 7062 Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 1 оқу мин Әлеумет Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 05.09.2025 8734 Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 04.09.2025 9026