2023 жылғы 6 қазан күні Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері ғимаратының конференц залында Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен үш тілді яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік менгерген жастарды анықтап,оларды ынталандыру мақсатында «Тіл шебері» атты аудандық байқау болып өтті. Байқауды өткізудегі негізгі мақсат тіл саясатын дамыту болып табылады. Үш кезеңнен тұратын байқауға аудандық жалпы білім беретін орта мектептерден жаратылыстану бағыттындағы 10 мұғалім қатысты. «Елтаным» кезеңінде қатысушылар отанымыздың тарихы, ұлы тұлғалары, көрнекі орындары туралы суреттерге қарап үш тілде әңгімеледі. «Сөзтаным» — кезеңінде ситуациялық жағдаяттық кейстерге жауап берді. Ал «Ойтаным» — кезеңінде еліміз туралы сұрақтарға ағылшын тілінде жауап берді. Дегенмен, байқаудың аты байқау. Кейбір қатысушылар үш кезеңнің тапсырмаларынан мүдірмей өтсе, кейбірі орыс, ағылшын тілінде жауап беруге қиналып жатты . Қазылар алқасының шешімімен Ғабдуллин атындағы ЖОМ оқытушысы Сапаршаева Ләззат I-ші орынға ие болды II-орынға»Мақтаарал»МГ -сынан Бисалов Мадияр мен С.Торайғыров ЖОМ мұғалімі Самалдикова Ботакөз лайық деп табылса, III- орынды «Мырзакент» МГ-нан Нұрмахамбетов Дәулетбек пен «Мақтаарал»МГ-нан Анузова Мақсат бөлісті. Жеңімпаз қатысушы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды .Барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, шығармашылық табыс тіледі.