Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы Жаңадала жалпы орта мектебінде 16 қазан күні 4,9 сынып оқушыларынан алынатын ББЖМ сынағын түсіндіру мақсатында ата аналар жиналысы болды. Жиында ДОІЖО Байбосынов К, Дүйсенова Г ББМЖ туралы толық ақпарат беріп өтті. ББМЖ 4,9 — сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі. Білім сапасын дамыту бағытында бұдан басқа да көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, Жетісай ауданындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де педагог-психологтар Г.Бохашева мен Ұ.Менисбаева 9- сынып оқушыларын ББЖМ-ға психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізді.»Лабиринт» тренингі өткізілді. Мақсаты:сабырлылыққа,төзімділікке үйрету,бірін-бірі тыңдауға, дер кезінде шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.