Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде оқушыларға қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, білім беруді дамыту, әр — түрлі әдістерді пайдалана отырып, тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру, сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтандыру мақсатында Британдық кітапхана шарасы өтті. Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктері атты тақырыпта 10 «А» сынып оқушыларымен жоғарғы деңгейде ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында оқушыларды үш топқа біріктіріп, оқылым алды тапсырмалар мен қызығушылықтарын ояту кезеңінде «Артығын алып таста» әдісі арқылы қатардағы артық сөзді тауып, себебін түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар өздері білетін әлемдегі таңғажайып кітапханалар туралы білетін мәліметтерін топтастырды. Жаңа сабақ ашу үшін, мағынаны тану кезеңінде мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы жайлы айтып, «сұрақтар ағашы» әдісімен мәтіндегі көтерілген мәселелерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, әр тапсырма бойынша оқушылар дискриптор арқылы бағалап отырды. Жалпы сабаққа оқушылар белсене қатысты, ашық сабақтың жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан әдістемелік бірлестік жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Демеуова Ғалия жоғары деңгейде өткізді.