Әлеумет Қазақ тілінің мәртебесін арттыру басты назарда Редактор 20.10.2023 13461 1 оқу мин Облыстық білім басқармасының 2023 жылғы 13 қазандағы № 40-01-04/7535 хатының негізінде Түркістан облысындағы Созақ ауданы, Созақ ауылы «Созақ» мектеп-гимназиясында 5-8 және 10 сынып оқушыларына арнайы түсінік жұмыстары жүргізілді. Дәлірек айтқанда, қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара білім алушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін мониторингілеу болып табылады. Тіл саясатын дамыту да басты назарда. Жиын барысында 2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан енгізілгендігі хабарланды. Сондай-ақ, қазақ тілі бойынша емтихан оқу бағдарламасын меңгеру қорытындысы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, жазбаша және ауызша нысанда өткізілетіндігі, емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалатынын, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер өздері құрастыратындығы және алдағы уақытта білім алушылармен жыл бойында дайындық жұмыстары жүргізілетіндігі жиын барысында нақтыланды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 39388 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 38260 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 37904