Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы кітапханаларда ауқымды іс –шаралар ұйымдастырылуда. Оқу мәдениетін насихаттауда тер төгіп жүрген кітапханашылардың еңбегі орасан. Жуырда ауданға қарасты Бірінші Мамыр ауылдық кітапханасында Тілші -ғалым, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың 119 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Ел ішінде Нұртас Оңдасынов жайлы «Ел үшін туған ер»деген жылы лебіз тараған. Осы оқиғаға орай Нұртас Оңдасыновтың шығармашылығы мен өміріне арналған кітаптар көрмесі өтті. Шара барысында қатысушыларға осы көрнекті тұлға туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін дәрістер, пікірталастар мен презентациялар ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар мәдени мұраны сақтап, жеткізуге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық сананың дамуына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ықпал етеді. Бұл үдерісте Түркістан облысы Төлеби ауданындағы кітапханалардың алатын орны зор, олардың еңбегі еленіп, қолдауға лайық. Бұдан бөлек ауданға қарасты Жеңіс ауылдық кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай “Шырағың сөнбесін» Көрме портрет ұйымдастырылды. Іс шараға колледж студенттері қатысты. Аталмыш шараның мақсаты – Тахауи Ахтановтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет беру болып табылады. Сондай-ақ Т.Ахтановтың кітаптарын оқуға қызығушылықтарын ояту. Облыстың Жеңіс ауылдық кітапханасында ұйымдастырылған бұл тамаша шара қатысушыларға белгілі жазушы Тахауи Ахтанов және оның қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесі туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді. «Шырағың сөнбесін» портреттік көрмесі колледж студенттері мен кітапханаға келушілерге оның жұмысы, өмірі және идеялары туралы білуге тамаша мүмкіндік болып табылады. Студенттердің іс-шараға қатысуы Тахауи Ахтановтың кітаптарын оқуға қызығушылықты арттыру және мәдени мұраны қолдау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Осындай бастамалар арқылы жастар әдебиетке жаңа көзқараспен қарап, өз елінің мәдени жетістіктері туралы білімдерін толықтыра алады. Бұдан бөлек, Көксәйек ауылдық балалар кітапханаасында асқақ арманды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп «Мәңгілік және нағыз поэзия» тақырыбында жыр сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі, шығармалары туралы түсінік беру. Өлең арқылы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту болып табылады. Барлық шараларда оқушылар кітап оқуға деген қызығушылықтары жоғары екендігін көрсетті. Жазушылар шығармаларын жатқа айтып, туындылары туралы сыр шертті.
Связанные истории
18.11.2024
27255
18.11.2024
25044