Жуырда Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы, Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын арттыруда оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Негізгі мақсат — бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын арттыруда оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, білім мазмұнын іске асыруда өзара тәжірибе алмасу болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу және оқығанын талдау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әдістерге ерекше көңіл бөлінуде бүгінде. Оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың оқу сауаттылығын дамыту әдістері де талқыланды. Мұғалімдер оқушылардың оқу жетістіктерін баллдар бойынша бағалаудың түрлі тәсілдерін талқылап, осы саладағы идеалды тәжірибелермен алмасты. Семинар сонымен қатар мұғалімдердің табысты іс-тәжірибелерімен бөлісетін, проблемаларды талқылап, шешу жолдарын іздейтін алаңға айналды. Семинарға қатысушылар мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, өңірдегі білім сапасын арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. Мұндай семинарлардың оқытушыларға берері мол әрине. Алдағы уақытта осы бағыттағы семинарлар жалғасатын болады. Оған сенім мол.
Связанные истории
18.11.2024
26872
18.11.2024
24599