Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Қ.Ешенқұлованың ұйымдастыруымен №19 орта мектеп базасында «Көк тудың желбірегені» атты ақындар айтысы өтті. Шараның мақсаты – «Төрт тоқсан төрт өнер» ұлттық мәдени-танымдық жобасын жүзеге асыру мақсатында оқушыларға айтыс өнері туралы толық мағлұмат беру. Бұл мерекеде облыс оқушылары Айтыс шығармашылығы әлеміне еніп, оның республиканың мәдени мұрасындағы маңызы туралы білуге мүмкіндік алды. Іс-шара оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуге, ұлттық өнерге деген қызығушылықты оятып, өңірдегі мәдени білімнің одан әрі дамуына ықпал етті. Мұндай іс-шаралар оқу-тәрбие процесінің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені олар мәдени мұраны сақтауға және жеткізуге көмектесіп қана қоймай, өскелең ұрпақты ұлттық мәдениет пен өнердің жаңа қырларын игеруге шабыттандырады. Аталған айтысқа Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 10″Ә»сынып оқушысы Қуан Рамазан қатысты, жетекшісі Нұржанова Раушан. Түлкібас ауданының намысын қорғаған шәкірт Қуан Рамазан жүлделі III орынды иеленіп және қаржылай 50.000 теңге сыйақымен марапатталды.
Связанные истории
18.11.2024
26872
18.11.2024
24599