Түркістан облысында информатика пәні мұғалімдерінің білім деңгейін арттыру, жаңа цифрлық технологияларды меңгеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кәсіби қызметке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік информатика мұғалімі» ай сайынғы қорытынды туры өтті. Бұл турға қатысушылар бағдарламалау және алгоритмдер бойынша есептер шығарды, сонымен қатар codeforce.com
платформасында программалау мен алгоритмдік есептерді шығарып, контест жазды. Қазан айындағы финалдық турға қатысу билеттерін 27 білім беру ұйымының мұғалімдері онлайн іріктеуден өткеннен кейін алды. Бұл облыстағы информатика мұғалімдері тарапынан аталмыш шараға қатысуға деген қызығушылықтың жоғары екендігін және цифрлық технологиялар мен информатика саласындағы өз білімдері мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Мұндай бастамалар мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға және облыс мектептерінде информатика саласында сапалы білім беруге септігін тигізеді. Онлайн өткен іріктеуден 27 білім беру ұйымдарының педагогтері қазан айына жолдама алған болатын. Ал, бүгін айлық кезеңге офлайн қатысқандар қорытындысы бойынша І орын – С. Ысқақ, Түркістан қаласы, №27 Ө.Жәнібеков IT МЛ; ІІ орын – М. Утегенова, Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты; ІІІ орын — Б. Токкулиев, Кентау қаласы, №7 Ж.Жабаев мектеп; Ауыл мектептері квотасы бойынша ІІІ орын — О. Закиров, Мақтаарал ауданы, №11 Қажымұқан мектеп педагогтері жүлделі орындар иеленді.
Связанные истории
18.11.2024
26872
18.11.2024
24599