Түркістан облысында өткен «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңа көзқарас» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция білім мен мәдениет саласындағы айтулы оқиға. Төлеби ауданы, Ленгер қаласындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде өткен конференцияның ұйымдастырылуы кітапхана ісін дамытуда заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдалануға деген ұмтылысты байқатады. Конференцияның мақсаты қазіргі заманғы инновациялық үдерістер жағдайында мектеп кітапханаларының жаңа келбеті мен жаңа серпін қалыптастыруға бағытталған. Бұл конференцияға қатысушылар кітапханаларды қолданушылар үшін неғұрлым өзекті және тартымды ету үшін олардың жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жаңартуға ұмтылатынын білдіреді. Конференцияда білім беру мәдениетін арттыру кітапхана ісі саласындағы тәжірибе алмасу, озық тәжірибелер мен зерттеулерді таныстыру арқылы жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Мұндай іс-шаралар кітапханалардың жұмысын жақсартып, облыстың мәдени ортасын байытуға септігін тигізеді. «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында жылдың бас кітабы Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы талқыланды. Кітапты талдауға Орталық басшысы Бақытжан Нұрмаханбетұлы, Төлен Әбдік шығармаларын зерттеуші, Алматы қаласы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Бану Даулетбаева және автор Төлен Әбдікпен тікелей эфирде сұхбат жүрді. Кеш өте әсерлі өтті.
Связанные истории
18.11.2024
26751
18.11.2024
24497