Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының білім бөлімімен бірлескен жылдық жұмыс жоспары бойынша «Арыс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан республикасының қарулы күштерінің жалпы әскери жарғылары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Бұл облыстық және Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі әскери-технологиялық дайындықтың бастауыш пәндері мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігін дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды іс-шара болды. Семинардың мақсаты – жаңа технологияларды кеңінен қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасап, кәсіби шеберлігін шыңдап, білім сапасын арттыруға бағытталған болды. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің әскери-патриоттық тәрбие жүргізуге дайындығын жақсартуға, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттілігін арттыруға ықпал ететінін атап өткен жөн. Бұл семинар қатысушылардың кәсіби дамуына ықпал етіп қана қоймай, мектеп жағдайында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызды аспектілерін жаңартуды қамтамасыз етеді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және олардың азаматтық тәрбиесіне ықпал етеді. Семинарға Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің басшысы подполковник Ерлан Билалов, Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Құрман Қазбеков, аудандағы жалпы білім беретін мектептердің әскери жетекшілері қатысты. Сабақ әскери сәлемдесуден және әнұранмен басталды. Әскери жетекшілер әскери атақтардың суретін таңдау арқылы «Офицерлер» және «Сержанттар» деп 2-ге бөлінді. Оқушылар тест тапсырып, жеке тапсырмалар орындады. Сабақта әдістер тиімді қолданылды. АӘД пәнін қайталау мақсатында «Нысана» әдісі арқылы жасырылған нысанадағы сұрақтарға жауап берілді. Шара барысында кері байланыс QR код арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы берілді. Бұдан бөлек, өзін- өзі және топтық бағалау жақсы жүргізілді. Мұғалімнің аталмыш сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақ соңы «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.
Связанные истории
18.11.2024
26529
18.11.2024
24396