Түркістан облысы, Арыс қаласы білім бөлімінің жетекшілігімен №32 Әліби Жангелдин атындағы орта мектепте «Жаңа ғасырға – жаңа білім беру үрдістері» тақырыбында мектепішілік тәжірибе алмасу күні, білім берудің жаңа тенденцияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара мұғалімдерге белсенді түрде тәжірибе алмасуға, оқытудың озық әдістерін талқылауға, оқу үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік беретін ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды қамтыды. Мұндай іс-шаралардың маңызды аспектісі – мұғалімдердің кәсіби өсуіне және оқыту әдістемесін жетілдіруге ықпал ететін идеялар мен тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай туғызу. Мұндай іс-шараларды мектептерде өткізу білім беруді дамытудың маңызды қадамы болып табылады, өйткені олар оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың заманауи талаптары мен қажеттіліктеріне бейімдеуге көмектеседі, сонымен қатар мұғалімдер қауымының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулпан Тілепова 10″В» сыныбында «Абайды оқы, таңырқа», Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Забарова 9″Д» сыныбында «Творческое наследие Сакена Сейфулина»; Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақнұр Асанова 11″Ә» сыныбында «Endangered animals in Kazakhstan», Математика пәнінің мұғалімі Жақсыкүл Абдрахманова 9″Е» сыныбында «Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару; Тарих пәнінің мұғалімі Толқын Қадирова 11″ В» сыныбында » Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы» тақырыптарында ашық сабақ өткізді.