«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – Қазақстан өмірінің әртүрлі салаларындағы жастардың идеялары мен жобаларын қолдауға және дамытуға бағытталған маңызды бастама. Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Жібек Жолын ауылдық округінің жастары арасында осындай грант туралы ақпаратты тарату жастардың креативті және инновациялық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жастарды ғылыми-инновациялық қызметке белсенді қатысуға ынталандыру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпағы» грантын тағайындауға конкурс жариялады. Қатысушылар ұсынған ғылым саласындағы жаңа идеялар мен бастамалар Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға және елдің инновациялық дамуына ықпал ететін ғылымның басым салаларын дамытуға бағытталған. Гранттарды конкурстық негізде беру Қазақстандағы ғылым мен инновацияны дамытуға елеулі үлес қоса алатын үздік жобаларды іріктеудегі ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз етеді. Бұл жастарды қолдау және олардың ел болашағын қалыптастыруға белсене қатысуы үшін жасалған маңызды қадам. Жастардың қазақстандық ғылымды дамытуға деген ынталары жоғары. Жобаға қатысуға ниеттілердің де қарасы қалың.
Связанные истории
18.11.2024
26529
18.11.2024
24396