Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімшілігіне қарасты Жастар ресурстық орталығының инспекторы Құрбанәлі Жандостың жетекшілігімен Жолы ауылдық округіне қарасты Жібек жолы кітапханасында ұйымдастырылған ұлы тұлғаларды ұлықтау кеші жергілікті тұрғындар үшін тамаша мүмкіндік болды. Шара барысында қазақтың көрнекті жазушысы, академик, драматург, ғалым және қоғам қайраткерлерінің шығармашылығымен танысты. Бұл шараның басты мақсаты – қазақ елінің мақтанышына айналған айтулы тұлғаның мұрасы мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Кеш барысында қатысушылар өз елінің әдебиеті мен мәдениеті туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ жоғары сөз өнерін танып, бағалай білуге мүмкіндік алады. Мұндай іс-шаралардың жергілікті халық арасында мәдени кеңістікті қалыптастыру мен білім беруде маңызы зор. Олар әдеби сауаттылық пен отансүйгіштік сезімді дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар әртүрлі ұрпақтар мен ұлттық мәдени мұралар арасындағы байланысты нығайтады. Әдеби кеш барысында кітапханашы Сарсекеева Мадина ұлы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларына сипаттама беріп өмірбаяны туралы баяндама оқыды. Ұлы тұлғаның еңбек жолына арналған слайд көрсетіліп, мамандар өзара пікір алмасты.
Связанные истории
18.11.2024
26380
18.11.2024
24288