Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының білім бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «А» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Зәуреш «Б» дыбысы мен әрпін оқыту» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, қажетті білім беру үшін Фильм, көгілдір экран сияқты оқытудың тиімді әдістерін пайдаланды. Сабақ оқушыларға үйренетін дыбысты анықтауға көмектесетін жұмбақтан басталды. Одан кейін «Б» дыбысы жиі кездесетін «Бауырсақ» ертегісін тыңдады. «Фильм» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға «Б» дыбысынан басталатын заттарды бейнелейтін суреттер топтамасын ұсынды. Бұл оқушыларға дыбыстың айтылуын бекітуге және сөздердегі «Б» әрпін тануға көмектесті. «Көгілдір экран» әдісі оқушыларға «Б» әрпін қадағалап, оны жазуға жаттықтыруға мүмкіндік берді. Мұғалім сонымен қатар оқушылардың фонематикалық есту қабілетін және оқу дағдыларын дамытуға көмектесетін әртүрлі ойындар мен жаттығуларды ұсынды. Ашық сабақ ойдағыдай өтіп, 1 «А» сыныбының оқушылары «Б» дыбысы мен әрпін жақсы түсінетіндіктерін көрсетті. Оқытудың жаңа әдістерін қолдану сабақты қызықты және нәтижелі өткізуге мүмкіндік берді, бұл оқушылардың материалды табысты меңгеруіне ықпал етті. Оқуышлар тебысты жетістіктерімен де қуантуда. Аудандағы №59 Е.Есенбеков атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Назерке Шаншарқызы 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 1-орынға ие болды. Олимпиада Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өтті. Назеркенің бұл жетістікке жетуі оның қажырлы еңбегі мен ұстаздары мен ата-анасының қолдауының жемісі. Ол географияны терең меңгергенін және күрделі мәселелерді талдап, шеше алатынын көрсетті. Назеркенің олимпиададағы жеңісі – мектебі мен ауданы үшін мақтаныш. Бұл түркістандық мектеп оқушыларының оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз аймағын лайықты деңгейде көрсете алатынын көрсетті. Назеркенің жетістігі де Түркістан облысындағы мектептердегі білім сапасының жоғары екендігінің дәлелі. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі оқушылардың оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бар күш-жігерін салады.