«Астана» шаңырақ қауымдастығы бірлестігі аясында Түркістан облысы Жетісай ауданы №24 Ә.Жәми атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары бірлесіп «Кітап – біздің досымыз» атты танымдық мерекелік шара өткізді. Сынып жетекшілері Уркинбаева Шахизада, Ходжиева Зебо және Фатима Шерованың ұйымдастыруымен өткен шараға 2 «А», 2 «Б» және 2 «С» сынып оқушылары қатысты. Мерекені мектеп директоры С.Е.Асқаров ашты. Іс-шараның мақсаты – оқу мәдениетін насихаттау, оқушыларды оқулықтарға ұқыптылықпен қарауға, кітапты ұқыпты сақтауға үйрету, өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін арттыру, кітаппен достастыру. Мереке барысында балалар кітаптың шығу тарихымен танысып, кітаптың түрлері және олардың адам өміріндегі маңызы туралы білді. Кітапханашылар кітап пен кітап оқуға арналған викториналар мен сайыстар өткізді. Оқушылар іс-шараға қатысып, кітап туралы өлеңдер оқып, ертегілерді сахналап, сүйікті кітаптары туралы әңгіме қозғады. Мереке соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болып, кітапқа қамқорлық жасауға және кітап оқуды жақсы көруге уәде берді. «Кітап – біздің досымыз» атты танымдық мереке №24 мектеп оқушылары үшін жарқын және есте қаларлық оқиға болды. Ол балаларға кітап пен оқудың маңыздылығын түсінуге көмектесті, сонымен қатар олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятты. Іс-шара талапқа сай жоғары деңгейде өтті. 25 қазан Республика күнін мерекелеу мақсатында №16 Ж.Сауырбаев атындағы орта мектепте жоспарға сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді. Оқушылар «Үлкен дала перзенті» тақырыбындағы тәрбие сағаттарына қатысып, Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысты. Сондай-ақ «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауы өтіп, онда балалар өз елі туралы өз ойлары мен сезімдерін білдірді. Марапаттау рәсімінде патриоттық әндер шырқалып, ұрандар айтылды. Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. №16 Ж.Сауырбаев атындағы мектепте Республика күнін мерекелеу оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, өз еліне деген сүйіспеншілік пен оның жетістіктеріне мақтаныш сезімін оятуға ықпал етті.
Связанные истории
18.11.2024
26529
18.11.2024
24396