Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің кітапханасында Республика күніне арналған мерекелік шара аясында «Тарихы құнды, болашағы жарқын Қазақстан» атты кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру,Жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.Көрмеде Қазақстан тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен еліміздің жетістіктері туралы кітаптар ұсынылды. Студенттер белгілі қазақ тарихшылары, жазушылары мен ақындарының еңбектерімен, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі салалардағы қазіргі жетістіктері туралы материалдармен таныса алды. Көрме студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олар ұсынылған материалдарды белсенді түрде зерттеп, сұрақтар қойып, Қазақстан туралы білімдерімен бөлісті. Іс-шара өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудегі тағы бір қадам болды. Кітап көрмесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тәуелсіздік таңы атқалы бергі еліміздің қол жеткізген жетістіктерін паш ететін түрлі бағыттағы кітаптар қойылды. Колледж студенттері тарих қойнауынан сыр шертетін танымдық бағыттағы кітаптармен танысты. Отанымыздың өткен жолына саяхат жасады. Тарих жайлы қалам тербеген жазушылардың еңбегімен танысты. Ата бабаларының жүріп өткен жолынан хабардар болды. Көрмеге 1 курс білім алушылар қатысып адамның туған топырағына деген сезімі ерекше екендігін еске алып, көрмені тамашалап өте әсерлі сезімде болды. Алдағы уақытта колледж студенттерінің таным көкжиегін арттыру үшін осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Связанные истории
18.11.2024
39400
18.11.2024
37887