Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі студенттері әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына экскурсия жасады.
АБ 9-232 тобының студенттері Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында болды. Экскурсия барысында студентте кітапхананың ережелерімен, сонымен қатар кітапхана атымен аталған ұлы ғалым, философ Әл-Фарабидің өмірбаянымен танысты. Шараның мақсаты – жас оқырмандарды кітапханаға тарту, олардың кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін дамыту, сыпайылыққа, кітапты құрметтеуге, құндылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар кітап оқу мәдениетін насихаттау. Студенттер кітапханашының әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, кітапхана қоры мен қызметі туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Сондай-ақ кітапхана қорында сақталған сирек кітаптар мен қолжазбалармен де танысты. Экскурсия студенттерге үлкен әсер қалдырды және олар кітапхананың тұрақты оқырманы болуға ниет білдірді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, жастарды кітап оқуға баулуда, ой-өрісін кеңейтуде мұндай шаралардың маңызы зор. Жалпы рухани ордада кітапхананы дамыту бөлімі, абонемент, оқу залы, ақпараттық–библиография бөлімі, мерзімді басылымдар секторы, кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі, өнер әдебиеттер бөлімі, шет тілі әдебиеттер бөлімі, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі, кітап қорын сақтау бөлімі, көпшілік іс-шаралар секторы, ғылыми-зерттеу бөлімі, «Оңтүстік» көрме залы, Елбасы залы, Е.Тұрысов атындағы музей-кабинет, «Ақерке» балалар залы бар. Әл-Фараби кітапханасында сол күні жергілікті ақын Құрал Көмекпен кездесу кешінде болып, білім алушылар ақынның шығарған өлеңдерінен жатқа айтып, ыстық ықыласына бөленіп жақсы көңіл күймен қайтты.