Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімі Жамбыл орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Білім беру бағыттарындағы ойын арқылы оқыту» тақырыбындағы 10 күндік апталықтың аяқталуы оқу үдерісінде жаңа белестерге жол ашады. Ойын әдістері балалардың оқуға қызығушылығын тудыру және негізгі дағдыларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ашық сабақтар мен байқауларға белсене қатысқан оқушыларды марапаттау олардың күш-жігері мен шығармашылық әлеуетін лайықты бағалау болып табылады. Бұл да білім беру ісі жөніндегі орынбасары Тастанов Орынбасар мен бірлестік жетекшісі Болтаева Қатираның білім саласындағы қолдауының маңыздылығы мен құндылығының дәлелі. Мұндай ынталандыру бастамалары балаларды оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандырады, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді және әрбір оқушы үшін қолайлы білім беру ортасын құруға көмектеседі. Аталмыш он күндік аясында 19-қазан күні, 4″а» сынып жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Арайлымның жаратылыстану пәнінен «Сенің өлкеңде қандай жануарлар бар? » тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар үшін бұл өте қызықты тақырып болды. Сабақты өткізудегі мақсаты: өз өлкесіндегі жануарларды жіктеуден бөлек ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсатын түсіндіру болып табылады. Сабақ барысында, тәжірибелі ұстаз «Аквариум»,»Көгершін» әдістерін қолданды. Бұл оқушылар үшін өте қызықты болды. «Симбиоз деген не?» тақырыбында кері байланыс жасап, білім алушыларды бағалады.
Связанные истории
18.11.2024
25870
18.11.2024
23936