Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты «№19 колледж» МКҚК жалпы пәндер бірлестігінің түзілген жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Адырбекова Ұлпан ашық сабақ өтті. «Қазақ әдебиеті» тақырыбына және Оразақын Асқардың «Шетелдегі ағайындар» шығармасына арналған ашық сабақ студенттердің өз елінің мәдени мұрасына назарын аударып, патриоттық сезімін дамытудың тамаша мүмкіндігі болып табылады. Сабақ барысында оқу үрдісін қызықты және есте қаларлықтай ету үшін әртүрлі әдістер мен жұмыс формаларын қолданды. Мысалы, мәдени мұраны сақтау үшін ана тілі мен әдебиетін үйренудің маңыздылығын талқылаудан басталды. Одан кейін Оразақын Асқардың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, оның «Шетелдегі ағайындарға» атты еңбегіне талдау жасалды. Оқушыларды белсендіру үшін мәтінді талдауға, шығарманың негізгі тақырыптары мен мотивтерін анықтауға, оның қазіргі замандағы өзектілігін талқыланады. Сондай-ақ топтық талқылаулар, рөлдік ойындар немесе ана тілі мен әдебиетінің маңыздылығы туралы эссе жазу немесе презентация жасау сияқты шығармашылық тапсырмаларды орындалды. Сондай-ақ тіл реформасының маңыздылығын және оның қазіргі қоғам үшін неліктен өзекті екенін атап өткен жөн. Бұл тақырыпты талқылау оқушылардың тіл саясатына деген қызығушылығын оятып, ана тілін сақтау және дамыту қажеттілігін түсінуге ықпал етті. Сабақ соңында оқытылатын тақырыптың студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуы үшін маңыздылығын айта отырып, қорытындыланды. Мұндай ашық сабақ студенттердің қазақ әдебиеті туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, олардың мәдениеті мен тілін терең түсінуге, құрметтеуге баулиды.
Связанные истории
18.11.2024
25778
18.11.2024
23856