Түркістан облысы Жетісай ауданындағы «№19 Аманкелді атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тіл – достықтың кілті» атты әдістемелік күн өтті. Шараның басты мақсаты – тіл саясатын дамыту, қазақ тілін реформалау және оқушылардың көп тілді меңгеруіне ықпал ету. Әдістемелік күнге мектептің педагогикалық ұжымы, аудандық білім бөлімінің өкілдері, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және басқа да тілдердің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты. «Тіл – достықтың кілті» атты әдістемелік күн тіл біліміндегі өзекті мәселелерді талқылап, мектептегі тіл үйретуді жетілдіру бойынша бірлескен шешімдерді әзірлеуде тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Әдістемелік күнде қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі бірлестіктері ашық сабақтар өткізілді. Сабақтарға жас мамандар және мектеп ұстаздары өздерінің пікірлерімен бөлісті. Оқушыларымызда өте қатты қызығушылықпен қатысты. Шара барысында орыс тілі пәні бойынша Байдаулетова Г, Караева А. 9 «а» сыныбында С.Сейфуллин тақырыбында ашық сабақ өтті.
Связанные истории
18.11.2024
26248
18.11.2024
24219