Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы білім беру ұйымдарында «Мейірім әлемді құтқарады» атты психологиялық сағаттар апталығын өткізу бастамасы мектеп ұжымының рухани-эмоционалдық салауаттылығын дамытуға бағытталған маңызды шара іспеттес. Бұл апталықтың мақсаты әртүрлі аспектілерді қамтиды: психологиялық қызметтерді қолдаудан бастап, мұғалімдер мен студенттер арасында бірлік пен ынтымақтастықты қалыптастыруға дейін. Ұжымда бір-бірін қолдауға деген ынтасын арттыру және өз ісінде белсенді маманға айналу – жағымды білім беру ортасын құрудың маңызды аспектілері. Мұндай іс-шаралар білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға көмектеседі және басқаларға эмпатияны, түсіністік пен құрметті дамытуға ықпал етеді. Олардың арқасында мұғалімдердің де, студенттердің де табысты жұмысы үшін маңызды болып табылатын қолдау және өзара түсіністік атмосферасы құрылады. Осыған байланысты бүгінгі күні барлық мектептерде «Бақытты күн» айдарымен психологиялық қызметінің апталығының ашылуы өткізіліп, оқушылардың мектепке қандай көңіл күйде келгенін бақылап көңілі түскен жағдайда олардың көңіл күйін көтеру, көңіл күйін реттеу мақсатында топтық «Бақыт мен үшін ол…», Қимылды жаттығу» акциясы ұйымдастырылды. Оқуышлар аталған шараға белсене қатысты. Ерекше акция оларға керемет ұнады.