Түркістан облысы, Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «№372 жалпы орта білім беретін мектебінде» ұстаздардың марапаттауы педагог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған құнды бастама іспетті. Оқытудың мақсаттары сапалы білім беруді қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылатын педагогикалық қызметті үздіксіз жетілдіруге бағытталған.
Жаңа әдістер мен теорияларды оқыту, шығармашылық жұмыстарды баспа бетінде жариялау жолдарын көрсету мұғалімдердің білімдері мен дағдыларын кеңейтуге, әріптестерімен тәжірибе алмасуға көмектеседі. Бұл педагогтар өзара әрекеттесетін, пікір алмаса алатын және бір-бірінен үйренетін кәсіби қоғамдастықты дамытады. Мұндай араласулар мұғалімнің ынтасын арттырып, олардың оқу үдерісімен байланысын нығайта алады, сайып келгенде, оқу мен оқушы нәтижелерінің жақсаруына әкеледі. Коучинг барысында Абдраманова Айжан «Тақырып қандай?», «Постерлер және галереяға шолу» әдістерін пайдаланып, кандидатуралардың шығармашылық жетістіктері мен кәсіби шеберліктеріне талдау жасалды. Коучинг соңында мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Аталмыш шара өте қызықты өтті. Ұстаздар өте белсенділікпен қатысты.