«Балдәурен» пән апталығы – бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттырудың тамаша мүмкіндігі. «Тәрбие бастауыш мектептен басталады, білім арқылы әлемге жол ашылады» деген ұран бастауыш білім беру кезеңінің маңыздылығын, оның әрбір баланың болашағына тигізетін әсерін атап көрсетеді. Мұндай бастамалар оқушылардың ынтасын арттырып қана қоймай, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, білімге деген ізденістеріне түрткі болғаны маңызды. 2023-2024 оқу жылында «Жұмабай Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік жоспардың негізінде «Балдәурен» бастауыш пән бірлестігінің пән апталығы ашылды. Мектепішілік әдістемелік күн аясында 4-сыныпқа дейін ашық сабақтар өткізу тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де көмектеседі. Бұл пәнді іс-әрекетте көруге, оқытудың жаңа әдістерімен және материалды меңгеру тәсілдерімен танысуға тамаша мүмкіндік. Мұндай іс-шаралар оқуышлар үшін шабыт пен мотивация көзі бола алады, сонымен қатар оларға қай пәндерді көбірек ұнататынын жақсы түсінуге көмектеседі.
Мұғалімдер үшін ашық сабақтарды өткізу – олардың оқыту әдістері мен оқытудағы шығармашылық тәсілдерін көрсету мүмкіндігі. Бұл да мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға ықпал етеді.
Жалпы, бұл тәжірибе кіші мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін,шығармашылығын және оқуға деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді, бұл олардың табысты оқуы мен дамуы үшін маңызды.