Мектепте білім беруден бөлек тәрбиелік мәні бар осындай шаралар өткізудің маңызы зор екендігі белгілі. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы «Қабылсай» жалпы білім беретін мектебінде қыздары «Қос бұрымың өріліп, сондай көркем көрініп…» тақырыбында байқау болып өтті. Аталмыш байқауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Абилханова мен аға тәлімгер А.Падилдаева ұйымдастырды. Аталмыш байқау 5-8 сынып қыздар арасында өтті. Бұл байқау қыздарды тек сыртқы келбетіне ғана емес, адамгершілік құндылықтарына да назар аудара отырып, оқу үдерісіне тартудың тамаша мүмкіндігі. Бұл байқау сияқты іс-шараларды ұйымдастыру қыздардың бойында өзін және басқаларды құрметтеу сезімін оятумен қатар, өзін және сыртқы келбетін күтуге үйретеді. Қыздарды сыртқы келбетіне ұқыптылықпен қарауға, ұқыптылыққа шақыратын байқаудың тәрбиелік мәні зор. Бұл оларға өзін-өзі күту, өзін-өзі реттеу және жауапкершілік әдеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, өзін-өзі бағалауды және өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі. Бұл сондай-ақ қыздардың стилі мен сыртқы келбеті арқылы шығармашылық пен даралықты көрсетуге керемет ынталандыру болмақ. Жалпы, мұндай сайыстарды өткізу мектепте сыйластық, қамқорлық, өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл оқушылардың бойында үйлесімді тұлға болып қалыптасуына және жағымды қасиеттердің дамуына ықпал етеді. Барша мектеп оқушы қыздар шаш өру арқылы ұқыпты, жинақы болатын өнегелі бастамаға шақыру болды. Осы бірегейлікті, сұлулық, мінездегі көркемдік пен инабаттылықты сақтап қалу әрбірінің борышы, бұл қыздар тарапынан үлкен қолдау тапты. Байқауда 5-сынып оқушысы Омар Айару шашының өрімімен көз тарта келбеттілігімен көзге түсті.
Связанные истории
18.11.2024
25463
18.11.2024
23486