Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орта мектебінде «Әлемнің үш тірегі» атты МИФ апталығы аясында 6-сыныпта математика пәнінің мұғалімі Базарбай Ақсұлтанның «Рационал сандарды бөлу» тақырыбында ашық сабағы өтті. Оқуышлар үшін аталмыш сабақ қызықты әрі танымдық болды. Сабақтың мақсаты: рационал сандарды бөлу және оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Бұл оқушыларға математикалық амалдарды күнделікті өмірде және болашақта білім алуда жақсырақ түсінуге және қолдануға көмектесетін маңызды дағдылар. Мұндай іс-шаралар оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына, олардың аналитикалық ойлауын дамытуға және алған білімдерін практикада қолдана білуге ықпал етеді. Ашық сабақтар да мұғалім мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтады, оқу процесінде өзара сыйластық пен қолдау атмосферасын қалыптастырады. Бұдан кейін, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Әлемнің үш тірегі» атты МИФ апталығында математика пәні мұғалімі Биболатова Әйгерім 9-сыныптар арасында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Аталмыш сабаққа оқушылар белсене қатысты. Сайыс сабақ өте қызықты өтті.
Связанные истории
18.11.2024
24998
18.11.2024
23150