Түркістан облысы, Ордабасын ауданындағы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы орта мектепте өткен шеберлік сабағы география пәні мұғалімдері үшін айтулы оқиға болды. Әдіскер Ш.Оңалбаева ұйымдастырған шеберлік сыныбы «География сабағында функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындау» тақырыбына арналды. Іс-шараға қатысушылар география сабақтарына функционалдық сауаттылықты кіріктіру әдістері мен тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл әдіс географиялық ұғымдар мен терминдерді меңгеру жағдайында оқушылардың тілдік және коммуникациялық дағдыларын дамытуды ынталандыруға көмектеседі. Семинар мұғалімдерге география сабақтарында интерактивті және тиімді оқу ортасын құру үшін жаңа құралдар мен әдістерді ұсынған болуы мүмкін. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби өсуіне және білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Шебер сыныптарға Ордабасы ауданындағы «Қарақұм» Жадпы орта мектебінің мұғалімі Есіркепова Ж, «Байтерек» Жадпы орта мектебінің мұғалімі А.Кенбаева, «М.Исламқұлов» Жалпы орта мектебінің мұғалімі Т.Алдиярова, «Қ.Бектаев» Жалпы орта мектебінің мұғалімі С.Даулетовалар өз тәжірибелерімен бөлісті. География сабағында PISA критерийлерін қолдана отырып, проблеманы талдау, “ойлан, жүппен жұмыс істе, бөліс», «мен-сен-біз» тағы басқа стретегияларын қолдану арқылы іске асырылды. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Связанные истории
18.11.2024
24998
18.11.2024
23150