Түркістан облысы Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылының екінші тоқсанында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бойынша арнайы сабақтар өтеді. Бұл сабақтар ата-аналардың бала тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл түйіндеме мектептің ата-аналарға тәрбиеші ретіндегі маңызды рөлінде қолдау көрсетуге және оларға балаларын тиімді тәрбиелеу үшін қажетті білім мен дағдыларды беруге ұмтылысын көрсетеді. Атап айтқанда «Баланың бас ұстазы-ата-ана» 1″а» 1″ә» 1″б» сынып жетекшілері Г.Қарабекова, С.Сарбаева,А.Есенова, «Құмарлыққа бой алдырту -тәуелділік құрдымы және зиянды заттардың бала өміріне тигізер зардабы» 10″А» сын.жетекшісі Ж.Ибрагимов, «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» 8 «Ә» сын.жетекшісі Г.Сейлбекова, «Отбасы-бақыт бесігі» 2″Б»сын.жетекшісі Г.Тұрымбетова, «Жақсы бала ата-ана қуанышы» 5″ә» сын.жетекшісі Ә.Әлтенова), «Бала жүрегіне жол табу» 7″а» сын.жетекшісі М.Омарбек), «Ақыл айтпа,жол көрсет» 6 «а» сын.жетекшісі Ж.Кенжебекова), «Әкені көріп ұл өсер,шешені көріп қыз өсер» 2 «ә» сын.жетекшісі А.Садырханова, «Позитивті тәрбие» 5″б» сын.жетекшісі Б.Шығанбаева. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Связанные истории
23.12.2024
12919