Бүгінде оқу мәдениетін насихаттау мақсатында аудандық кітапханаларда түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру мақсатында да қызықты жиындар да өткізіліп тұрады. Түркістан облысы Төлеби аудандық орталық кітапханасында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Азаттық үшін күрескен» атты жыр сағаты өтті. Шараға №1 және №2 мектеп оқушылары қатысты. Олар Махамбет Өтемісұлының ақынның ерлік қасиеттерін ұрпаққа үлгі еткен жырларын оқыды. Махамбет Өтемісұлы – ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны, азаттық күрескері. Ол әлеуметтік әділетсіздік пен отаршылдық езгіге қарсы шықты. Өлеңдері өткір тілімен, терең отаншылдығымен ерекшеленеді. Ән сағатына қатысқан оқушылар Махамбет Өтемісұлы шығармашылығының қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор ықпал еткенін атап өтті. Оның өлеңдері халықты бостандық, тәуелсіздік үшін күреске шабыттандырды. Іс-шара жылы және шынайы атмосферада өтті. Оқушылар Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы көп мағлұмат алып, оның ерлік рухымен сусындады. Төлеби аудандық орталық кітапханасының Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын кеңінен насихаттаудағы қызметі жоғары бағаға лайық. Кітапхана қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға және дамытуға зор үлес қосуда. Көксәйек ауылдық кітапханасында «Төлеби өнерпаздары» атты шара өтті. Шараның мақсаты оқырмандарды өңірдегі дарынды қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру болды. Атап айтқанда, ауылдан шыққан педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кемешов Діллабай Әнуарұлының еңбектері ұсынылды. Кітапханада «Білім шыңына» атты библиографиялық күн де өтті. Бұл шараның мақсаты оқырмандар арасында библиографиялық сауаттылықты нығайту болды. Библиография күні аясында оқырмандар «Ақылды кітаптар әлемі» анықтамалық бұрышымен танысты. Көксәйек ауылдық кітапханасында өткізіліп жатқан іс-шаралар кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, библиографиялық сауаттылықты дамытуға және отандық қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен насихаттауға септігін тигізуде. Кітапхананың білім мен мәдениетті насихаттаудағы қызметі жоғары бағаға лайық. Кітапхана ауыл, аудан тұрғындарының интеллектуалдық әлеуетін дамытуға зор үлес қосуда. Кеш соңында көрмеге қойылған кітаптарға шолу жасалды. Бұдан кейін Төлеби ауданындағы №1 қалалық кітапханада Әсет Бейсеуовтың 85 жылдығына орай, «Ұмытылмас әндер иесі» атты тақырыпта музыкалық қонақжай кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық мәдениет үйінің, ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлері қатысты. кешті өткізудег мақсат — қазақ өнерін өркендеткен асыл азаматтардың рухына тағзым етіп, биік бейнесін, тау тұлғасын көрсету. Ел арасында танымалдылығын, халықтың жүрегіне жол тапқан әндерінің ел аузынан түспей ерекше айтылып келе жатқаны санасына ой ұялата отырып, ынтымақ пен бірлікке баулу болып табылады. Кеш өте керемет өтті.
Связанные истории
23.12.2024
11224