Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы орта мектепте оқушылар отбасы туралы «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында бейнероликтер жариялады. Бұл бастаманың мақсаты ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету және отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау болды. Оқушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, танымдық және шығармашылық бейнероликтер жасады. Олар өз еңбектерінде отбасының маңыздылығы, отбасылық дәстүрлер, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас және отбасының адамның өсіп-жетілуіне қалай көмектесетіні туралы айтты. Бейнежазбалар әртүрлі платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде және мектеп сайтында жарияланды. Олар ата-аналардан, мұғалімдерден және жұртшылықтан оң пікірлер алды. Бұл бастама Шардара өңірінде отбасылық құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосты. Оқушылар дайындаған бейнероликтер маңызды әлеуметтік құндылықтарды ілгерілету үшін заманауи технологияларды қалай пайдалануға болатынының жақсы үлгісі болды. М.Горький атындағы орта мектептің отбасы құндылықтарын нығайтудағы қызметі жоғары бағаға лайық. Мектеп жас ұрпақты тәрбиелеуге, жалпы қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді. Сондай-ақ Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Достық жалпы білім беретін мектеп» 7 «ә» сынып жетекшісі Саухимова Тұрсынай «Отбасы-бақыт мекені» атты ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты — отбасы құндылығын насихаттау болып табылады. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Ата-аналарға сабақ ұнады. Өз кезегінде ата-аналар өз ұсыныстарында айтып, сынып жетекшісіне алғыс білдірді.
Связанные истории
23.12.2024
11129