
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте «Білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» ашылу салтанаты өтті. Орталықтың мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру сапасын жақсартуға қолайлы жағдай жасау.Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарлама аясында құрылды. Оның негізгі міндеті ата-аналарға балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде педагогикалық, психологиялық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Білім ошақтарында тәжірибелі педагогтар, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олар ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты түрлі мәселелер бойынша кеңестер, тренингтер, семинарлар өткізеді.Орталықта ата-аналардың бір-бірімен араласуына да жағдай жасалған. Мұнда олар өзара тәжірибе алмасып, мәселелерді талқылап, шешімін таба алады. Бала тәрбиесінде басты тұтқа ата ана. Сондықтан да бүгінде мектеп пен ата аналар бірігіп бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс атқаруда. Жиынға мектептің 70 пайызға жуық ата-аналары қатысты. Жалпы ата-аналарға орталықтың ашылу мақсаты түсіндірілді. Мектеп дәлізіне жаңа кітаптардан және қолөнер бұйымдарынан көрмелер ұйымдастырылды. Оқушылар күй орындады. Жиыннан кейін 1-4 сынып жетекшілері «Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам», 7-9 сынып жетекшілері «Баланың бас ұстазы – ата-ана», 10-11 сынып жетекшілері «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…» тақырыптарында алғашқы сабақтарды өтті.Ендігі кезекте ата-аналардан кері байланыс алып тығыз қарым-қатынас орнату болып отыр.