
Түркістан облысы Отырар ауданындағы «Шеңгелді» шағын орта мектебінде ұстаздар арасында «Тапқыр болсаң, озып көр» атты интеллектуалдық сайыс өтті. 5 бөлімнен тұратын сайысты математика пәнінің мұғалімі Арыстан Жаңылсын ұйымдастырды. Сайысқа 3 топ қатысты: Гуманитарлық пәндер: «Информатика» тобы, Бастауыш сынып: «Математика» тобы, Эстетикалық пәндер: «Физика» тобы. Байқау «МИФ» айлығы аясында өткізіліп, мұғалімдердің түрлі саладағы білімдерін тексеруге бағытталған. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Командаларға жалпы білім бойынша сұрақтар қойылды. Теориялық турда командалар өздерінің пәндік саласы бойынша сұрақтарға жауап берулері керек болды. Практикалық турда командаларға практикалық есептерді шығару керек болды. Блиц-раунд барысында командаларға жылдамдық пен интеллект туралы сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша «Информатика» командасы жеңіске жетті. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар мен сыйлықтар берілді. «Тапқыр болсаң, озып көр» байқауы мұғалімдерге білімдерін сынауға, әріптестерімен тіл табысып, жаңа білім алуға жақсы мүмкіндік болды. Байқау мұғалімдердің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға және кәсіби деңгейін көтеруге де ықпал етті.