
Түркістан облысы Отырар ауданында Ө.Жәнібеков атындағы №4 мектеп-интернатының кәсіптік бағдар беру мұғалімі Қ.Жоребекова сынып жетекшісі және 11 сынып жетекшілерімен бірлесіп «Мамандық таңдау – маңызды мәселе» тақырыбында мамандық таңдау кешін өткізді. Шара мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауына көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Осы мақсатта еңбек нарығында сұранысқа ие түрлі мамандықтар туралы әңгіме өрбітуге облыс мекемелерінен мамандар шақырылды. Сонымен қатар, пікір сайысы өткізіліп, студенттер мамандық таңдауда өз пікірлерін білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ сұрақ-жауап ұйымдастырылып, студенттер түрлі мамандық өкілдеріне сұрақтар қойып, өз жұмыстарының ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлауда маңызды рөл атқарады, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және одан әрі білім алуын жоспарлауына көмектеседі. Мамандық таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мынау сан салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Әрі заман талабына сай мамандық таңдаудың да тиімділігі орасан. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс таңдаған адам жетістікке жетеді. Адам еңбегінің қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Кешке түрі мамандық иелері шақырылды. Олардың арасында дәрігерден бастап өрт сөндірушіге дейін бар. Олар оқушыларға өз мамандықтарының қызығы мен қиындығы туралы әңгімелеп берді.
Кештің қадірлі қонақтары: Отырар аудандық білім бөлімінің психология саласының әдіскері, Нұргүл Аханова. Отырар ауданы орталық аурухана дәрігері эндокринолог Сәрсенбаев Абзал. Отырар аудандық жарық бөлімінің инспекторы Бақтыбаев Асанәлі, Ішкі істер бөлімі Отырар аудандық жергілікті полиция майоры Асхат Нұрбеков. Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру маманы Абай Дінмұхаммед. Қаз.Телеком техникалық есепке алу және төлқұжаттау аға электро -механигі Ахумжанова Ұлжан. Кәсіпкерлік және лш ауылшаруашылық бөлімінің инспекторы Берістемов Сайлау. «Сымбат «сұлулық салонының бас маманы Мөлдір Жүнісова. Отырар аудандық жастар орталығының маманы Нұрымбет Нұрсұлтан. Отырар ауданының белгілі, белсенді кәсіпкер Төке Айзада. Отырар ауданының № 9 Өрт сөндіру бөлімінің мамандары Айтбек Жақсыбек, Нұрман Нұрланұлы.