
Түркістан қаласы Хамза атындағы Жалпы білім беретін мектеп базасында аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдары директор орынбасарларының дайындығын әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру ұйымдарын басқарудың озық үлгісімен таныстыру, пікір алмасу мақсатында «Басшы лауазымына үміткер кандидаттың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – басшы лауазымына үміткерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін білім беру ұйымын басқарудың озық үлгісін енгізу. Ол қатысушыларды білім беру ұйымын басқарудың озық әдістерімен таныстыруға, оларды тиімді көшбасшылыққа қажетті білім мен дағдылармен байытуға арналған. Семинарда аудандық, қалалық білім бөлімдерінің білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары Түркістан қаласындағы Хамза орта мектебінің базасында білім алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Бұл оларға басқа қатысушылардың озық тәжірибелерін үйренуге және оларды өз тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымын табысты басқаруға қажетті кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға басты назар аударылатын болады. Семинарға қатысушылар өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылап, заманауи білім берудің қиындықтарымен бетпе-бет келіп, оларды жүзеге асырудың оңтайлы шешімдерін таба алады. Семинарға «Білім беруді дамыту орталығының» директоры — Бақытжан Нұрмағанбетұлы, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедра меңгерушісі — Жунисова Назым, әдіскер — Тлеулиев Самат, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы — заңгері Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Шымкент қ. филиалы Педагогикалық шеберлік орталығының менеджері — Кожымбетова Айжан Мархабаевна, Кентау қаласы, Д.Қонаев атындағы ЖББМ-тің директоры — Тажимбетова Гүлжахан Мырзаханқызы, Отырар ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры — Сыздықәлі Айнұр қатысып өз тәжіриебелерімен бөлісті.