
«Кітап маған тақтан да қымбат!» Бүгінде Түркістан облысындағы барлық ауданда кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында түрлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі кітап оқудан жарыс ұйымдастырылуда. KitapHAN@ оқу жобасының үшінші турының сегіз апталық шығарылымы жарқын әрі қызықты нәтижелермен аяқталды. Бұл нөмірге Түркістан облысына қарасты Шардара, Ордабасы, Мақтаарал, Төлеби, Сайрам аудандарындағы білім ошақтарынан қатысып, өздерінің сүйікті өнер туындыларын оқырмандар назарына ұсынды.
Жобаға қатысушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ оларды қандай әдебиет және неліктен қызықтыратынын егжей-тегжейлі айтты. Бұл оқырмандарға облыстың әр өңірінен келген студенттердің әдеби талғамдарының алуан түрлілігі туралы кең түсінік алуға мүмкіндік берді.
Іс-шара жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар олардың өз ойлары мен сезімдерін кітаптан шабыт тауып, түсініп, бейнелеу қабілетін көрсетті. KitapHAN@ жобасы оқу мәдениетін дамытуға ықпал етуді және әртүрлі жанрлар мен бағыттардағы әдебиеттерге қызығушылықты арттыруды жалғастыруда. Нәтижесінде Төлеби ауданы 11 сынып оқушысы Одаманова Жасмина В.Франклдың «Өмірде мән іздеген жан» кітабын дәріптеп 39 пайызбен апталық жеңімпазы атанып, айлық сайысқа жолдама алды және 10 000 теңге сертификат табысталды.