Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде математика пәнінен өткізілетін ғылыми-зерттеу сабақтары оқушылардың педагогикалық тәжірибесін де, оқу қызығушылықтарын да дамытуға бағытталған маңызды шара. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Асированың жетекшілігімен осындай сабақтардың ұйымдастырылуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуіне қолдау көрсету және оқушыларды математика пәнін оқуға ынталандырудағы белсенді ұстанымын көрсетеді. Ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаты – мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету, бұл өз кезегінде оқыту сапасын арттырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады. Мұндай іс-шаралар мұғалімдерге тәжірибе алмасуға, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге және озық педагогикалық тәсілдерді өз қызметінде қолдануға көмектеседі. Сайып келгенде, мұндай ғылыми-зерттеу жұмыстары мектептегі білім сапасын арттыруға және оқушылардың математика пәніне деген белсенді және терең қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Сабақтарды зерттеуге математика, химия, физика пәндерінің мұғалімдері қатысып, бірлесе отырып әр сабаққа жоспар құрып, сабақтан соң талдау жұмыстарын жүргізді. Зерттеу сабақтарының нәтижесінде топтағы мұғалімдер өз білімдерін жетілдірді, сабақ беру барысында туындаған мәселені бірлесе шеше білді. Зерттеу сабақты математика пәнінің мұғалімі, жас маман Тоғымбетова Әсем 2023 жылдың қараша айының 13 мен 17 аралығында 5″Б»-сынып оқушыларымен «Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбындағы 5 сабақты жүргізді.
Связанные истории
18.11.2024
23979
18.11.2024
22245